10.04.2008, 15:48 3311

Мекемеаралық комиссия 2008 жылдың екінші тоқсанында е-үкіметтің іс-қызметін қамтамасыз ететін 5 заң жобасының тұжырымдамасын қарайды - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ

Мекемеаралық комиссия 2008 жылдың екінші тоқсанында е-үкіметтің іс-қызметін қамтамасыз ететін 5 заң жобасының тұжырымдамасын қарайды - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның пайымдауынша, мекемеаралық комиссия 2008 жылдың екінші тоқсанында е-үкіметтің іс-қызметін қамтамасыз ететін 5 заң жобасының тұжырымдамасын қарайды. Бұл туралы бүгін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның компетенция орталығының директоры Жанат Мамыров "Қазақстанға "Азаматтардың ақпаратқа қол жеткізуі туралы" заң керек пе?" атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Электронды үкіметті дамыту бағдарламасы шараларының аясында е-үкіметтің іс-қызметін қамтамасыз ететін 5 заңның жобасын жасау көзделген", - деді Ж. Мамыров.

"Ағымдағы жылдың екінші тоқсанының аяғында осы заң жобаларының тұжырымдамалары мекемеаралық комиссияның қарауына ұсынылуға тиіс және осы заң жобаларының тұжырымдамалары бекітілген жағдайда тиісті заң жобалары жасалады", -деді ол.

Компания өкілінің айтуынша, бұл жерде "Ұлттық есеп жүйелері туралы", "Электронды сауда туралы", "Электронды үкімет туралы", "Ақпараттық аудит туралы" және "Ақпаратқа ашық қол жеткізу туралы" заң жобалары жайында сөз қозғалуда.

"Қазақстанда ақпаратқа еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін заң сөзсіз қажет, өйткені, біз ақпараттық орғам құру жолын таңдап алдық, ал ақпаратқа еркін қол жеткізу елдің экономикалық дамуы, гүлденуі мен бәсекелестік қабілеті үшін қажетті алғышарт", - деді Ж. Мамыров.

"Мұндай заң "технарьлар" біздер үшін оған сүйене отырып талапқа сай, жекелеген мкееменің емес, көптеген адамдардың сұранысы мен мүддесіне сай ақпараттық қоғам құруымыз үшін қажет", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны