20.09.2017, 16:46 17287

Мектепте "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" атты жаӊа пән оқытылады

Егер осы уақытқа дейін "экономика негіздері" факультатив сабақ ретінде оқытылса, енді жаӊа бағдарламаныӊ шеӊберінде екпін нақты кәсіпкерлікке түседі.

Астана. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - 19 қыркүйекте "Атамекен" ҰКП алаӊында "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" атты мектеп пәнін әзірлеудіӊ жұмыс барысын таныстыруға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Эльдар Жұмағазиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, оқу бағдарламасын дайындау бойынша жұмыс тобыныӊ өкілі Ермек Дүйсенханов, KASE өкілі Евгений Мухамеджанов, "Naimi.kz" ЖШС коммерциялық директоры, пән оқулығын қалыптастыруға атсалысып отырған хедлайнер Мағжан Мәдиев қатысты.

"Атамекен" ҰКП "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнін әзірлеу жұмысыныӊ жобасын 2014 жылы бастаған болатын. Жобаға ҚР Білім және ғылым министрлігі мен "Атамекен" ҰКП бірлесе атсалысты. Үш жыл бойы атқарылған жұмыстыӊ нәтижесінде "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні 2018 жылдан бастап 10 және 11 сынып оқушыларыныӊ оқу бағдарламасына енгізу жоспарда. Аптасына екі рет оқытылатын пән қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Осы орайда, "Біздіӊ басты мақсатымыз - кәсіпкерлік ойлауды мектеп қабырғасынан дамыту. Сүт қалай өӊделетіндігі, сатылу бағасы мен тауар құнын есептеуді ауылдық ортада өскен бала білу қажет. Қазіргі таӊда жастар ғаламтор мүмкіндіктерін кеӊ ауқымда қолданады. Илеуметтік желі арқылы өздері ұнататын кәсіпкерлер мен танымал тұлғалар әрдайым жастардыӊ назарында. Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында тәжірибесі мол бизнесмендерді оқу барысына қатыстыру қажет деп есептейміз",- деді "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Егер осы уақытқа дейін "экономика негіздері" факультатив сабақ ретінде оқытылса, енді жаӊа бағдарламаныӊ шеӊберінде екпін нақты кәсіпкерлікке түседі. Пән арқылы мектеп оқушылары арасында отансүйгіштік сезімдерін оятып, өмірлік қажетті және тәжірибелік маӊызы бар білімді тиімді жеткізуге болады. Бұл мақсатта "геймификация" тәсілі қолданылады. Геймификация дегеніміз ақпаратты ойын арқылы жеткізу әдісі.

"Біз халықаралық бағдарламалардыӊ тәжірибесін зерттедік, нәтижесінде біздіӊ бағдарлама интерактивті болып шықты және геймификация қағидалары мен бизнес-кейстерді зерделеуге негізделген: 40% - теория, 15% - бизнестен нақты мысалдар, 45% - ойын түріндегі тәжірибелік тапсырмалар. Неліктен геймификацияны алып отырмыз? Себебі кәсіпкерлік дегеніміз тарих немесе математика емес, кәсіпкерлік - бұл әрекет, тәжірибе арқылы оқып, түсіну", - деді Ермек Дүйсенханов.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен "Атамекен" ҰКП бірлесе "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәнін әзірлеу жұмысыныӊ жобасын жүзеге асырудыӊ жоспарын дайындады. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованыӊ айтуынша келер жылдыӊ көктемінде 3500 жуық мұғалімді қайта даярлаудан өткізу жоспарда. Оқытудыӊ бірінші сатысынан 150 мыӊ оқушы өтеді. Алдыӊға қатарлы елдердіӊ тәжірибесіне сүйенсек, бұл пән арқылы жастар арасында бәсекелестіктіӊ дамуын алға қою мүмкіндігін баса айтты вице-министр.

Кәсіпкерлік негіздеріне қатысты оқулық жазуға бизнесмендер мен осы саладағы сарапшылардыӊ өздері де қатыса алады. Жобаныӊ ұйымдастырушылары бизнес-қоғамдастықты қазірден бастап жұмыс барысына қатысып, ұсыныстар беруге шақырып отыр. Үздік ұсыныстар оқу материалыныӊ негізіне енгізіледі.

"Оқулықтыӊ әрбір бөлімі өзінше қызықты материалдан құралады. Тәжірибелі мамандардыӊ жобаға қолғабыс етулері арқылы, сабақ тақырыптарына байланысты жауапты кәсіпкерді қоя аламыз. Мәселен, маркетинг саласын жақсы меӊгерген кәсіпкер дәл осы сабақта өзініӊ тәжірибесімен бөліссе, оқу барысы тиімдірек өтер еді. Контентті қалыптастыруға бағытталған жұмысты осы жылдыӊ соӊына дейін тұрақты жұмыс тобы атқарады. 19 қыркүйектен бастап жобаға атсалысқысы келген кез келген өз саласыныӊ маманы ақпарат жинау барысына қатыса алады. Шақырылған сарапшылар өз саласы бойынша ақпарат берген жағдайда, жұмыс тобыныӊ кеӊесшісі болу мүмкінді бар",- деп түсіндірді Эльдар Тынышбайұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны