24.02.2014, 19:20 44922

Мемэнергобақылау мен ҚР ҰКП кәсіпкерлердің құқын қорғау мәселесі бойынша меморандумға қол қойды

ИЖТМ-нің хабарауынша, меморандумның мақсаты - кәсіпкерлерді энергожинауға техникалық шарттар алу кезінде энергоберуші ұйымдармен өзара қатынасын жетілдіру, соның ішінде кәсіпкерлер субъектілерін энергоберуші ұйымдардың қызметкерлерінің қызметтерін асыра пайдаланудан сақтау болып табылады.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. Мемлекеттік энергетикалық бақылау комитеті мен ҚР ИЖТМ және Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқын қорғау мәселесі бойынша меморандумға қол қойды.

ИЖТМ-нің хабарауынша, меморандумның мақсаты - кәсіпкерлерді энергожинауға техникалық шарттар алу кезінде энергоберуші ұйымдармен өзара қатынасын жетілдіру, соның ішінде кәсіпкерлер субъектілерін энергоберуші ұйымдардың қызметкерлерінің қызметтерін асыра пайдаланудан сақтау болып табылады.

ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық бақылау және тексеру комитеті тарапынан Мемлекет басшысының белгіленген уақыт мерзімінде кәсіпкерлерге кедергісін келтіретін жағдайларды азайту тапсырмасын орындау мақсатында жүйелі жұмыстар жасалуда.

"Үкіметтің қаулысымен электр энергиясын қолдану ережелеріне өзгерістер енгізілді: техникалық шарттарды алу кезіндегі қажетті процедуралардың санын азайту мен меншік иесінің ауысуы жағдайына немесе электр құрылығыларын пайдалануға берудің тезникалық талаптарын өзгерту кезінде қажетті техникалық талаптарды алудың күшін жою. Жүйелі энергожинаққа қосылуда техникалық шарттарды беру мерзімін барынша қысқарту ережеде қарастырылған. Бұл шаралар шағын және орта кәсіпкерліктердің барлық спектрін қамтиды", - дейді ҚР ИЖТМ мемлекеттік бақылау және тексеру комитетінің төраға орынбасары Несіпқұл Бертісбаев.

Меморандум аясында тараптар кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдерін тарту арқылы әріптестікті дамытуға мүдделі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны