17.01.2018, 16:37 6990

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарыныӊ іскер топтар өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысыныӊ ресми сапары аясында авиация және ғарыштық зерттеулер, мұнай химиясы және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 7 миллиард долларға жуық қаржы көлеміндегі инвестиция және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 20-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды

Астана. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарыныӊ іскер топтар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті дөӊгелек үстелге қатысушылармен жүздескеніне және кездесу ұйымдастырылғанына ризашылық білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасында орныққан қатынастардыӊ маӊыздылығы мен стратегиялық сипатына тоқталды.

- Америка Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестициялардыӊ көлемі бойынша екінші орында. Тәуелсіздік жылдары ішінде сіздердіӊ компанияларыӊыз тарапынан Қазақстанға 50 миллиард доллардан астам инвестиция құйылды. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті. Біздіӊ елде энергетика, көлік, инновация, медицина және басқа да салаларда Америка капиталыныӊ қатысуымен 500-ден аса компания табысты жұмыс істеп келеді. Ірі серіктестеріміздіӊ қатарында "Шеврон", "Эксон Мобил", "Дженерал Электрик", "Хэллибёртон" және басқа да компаниялар бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы кеӊ ауқымды екі жақты қатынастарды қамтитын Кеӊейтілген стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемені қабылдаудыӊ ерекше маӊыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үдерісіне тоқталып, бизнес жүргізу үшін мемлекет тарапынан жағдай жасауға бағытталған шаралар жөнінде әӊгімеледі.

- Инвестициялық ахуалды жақсартып, инвесторлардыӊ құқықтарын қорғау үшін тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ Инвестициялар жөніндегі комитетініӊ қауымдастырылған мүшесі болды және Халықаралық инвестициялар жөніндегі декларацияға қосылды. Бізде АҚШ-ты қоса алғанда, 62 елдіӊ азаматтары үшін визасыз режім енгізілді. Кәсіпкерлік саласындағы заӊнама жетілдірілуде. 11 арнайы экономикалық аймақ және 22 индустриялық аймақ жұмыс істеуде. Онда қажетті инфрақұрылым мен жеӊілдіктер көзделген, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын цифрландыру және өндіріске инновацияны енгізу барысына ерекше назар аударды.

- "Цифрлық Қазақстан" арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осыған орай, экономика салаларын цифрландыру және инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру маӊызды болып саналады. Мәселен, Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркі сияқты инновациялық кластерлер жұмыс істеуде. Биыл Астанада ІТ-стартаптардыӊ жаӊа халықаралық технопаркі ашылады. Осыныӊ бәрі біздіӊ ынтымақтастығымыздыӊ болашағы зор болуына жол ашады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті америкалық бизнесмендерді агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру ісіне қатысуға шақырды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы еліміздегі жекешелендіру бағдарламасыныӊ іске асырылу барысы және "жасыл" экономика саласындағы жобаларды дамытудыӊ келешегі туралы айтты.

- Өткен жылы "Болашақтыӊ энергиясы" тақырыбымен Халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесін табысты өткіздік. Бұл көрме бүкіл планетаныӊ "таза" энергетика саласындағы жоғары технологиялық және зияткерлік әлеуетін көрсетуге керемет мүмкіндік туғызды. Көрме кешендері инновациялық және орнықты даму міндеттеріне әрі қарай да қызмет ете беретін болады. Атап айтқанда, ЭКСПО инфрақұрылымыныӊ базасында "жасыл" технологияларды және инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық жұмыс істейтін болады. Ол елімізде және өӊірде "жасыл" жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ мәртебесі ерекше екенін атап өтіп, оныӊ жұмысыныӊ алдағы жоспарларына тоқталды.

- "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмысына қатысушыларға 50 жылға дейін салықтық жеӊілдіктер беріледі, сондай-ақ валюталық, визалық жеӊілдіктер және еӊбек режімдерініӊ жеӊілдіктері ұсынылады. Бұл - өӊірдегі жұмысы ағылшын құқығына негізделген бірден-бір орталық. "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ жоғары технологиялық биржасын құруға Шанхай қор биржасы және Американыӊ NASDAQ биржасы тартылды. "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ "жасыл", исламдық және инновациялық қаржы құралдарын дамыту жөніндегі өӊірлік орталыққа айналуы үшін зор мүмкіндігі бар. Жаз айында біз халықаралық қоғамдастық үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ ресми таныстырылымын өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Қазақстан Президенті өткізілген кездесудіӊ екі елдіӊ жақындасуына және өзара тиімді әріптестікті нығайтуға серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесу барысында АҚШ-тыӊ іскер топтар өкілдері Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеӊейтуге зор қызығушылық танытты.

Мемлекет басшысыныӊ ресми сапары аясында авиация және ғарыштық зерттеулер, мұнай химиясы және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 7 миллиард долларға жуық қаржы көлеміндегі инвестиция және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 20-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Бұдан бөлек, сапар барысында 3 үкіметаралық келісім жасалды:

- Мемлекеттік әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсеткені үшін ақы алмау туралы келісім;

- Қазақстан Республикасыныӊ аумағы арқылы өтетін коммерциялық темір жол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімніӊ хаттамасы;

- Халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісім.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны