20.12.2013, 20:44 3809

Мемлекет басшысы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының жаңа бағытын ашты

Елбасының айтуынша, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының "Шымкент-Түркістан" учаскесінде жол қозғалысы оңтүстік аймақтарды қосып, жандандырады.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Жалпыхалықтық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының жаңа бағытын ашты.

Оңтүстік Қазақстан облысынан тікелей байланысқа шыққан ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаевтың атап өтуінше, биыл ҚР Президентінің тапсырмасымен салынып жатқан "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомагистралінің жаңа бағыты дайын.

Елбасының айтуынша, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының "Шымкент-Түркістан" учаскесінде жол қозғалысы оңтүстік аймақтарды қосып, жандандырады.

Айта кетейік, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Индустрияландыру күні" өтіп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны