13.09.2018, 21:07 4478

Мемлекет басшысы Түркия Республикасыныӊ іскер топтар өкілдерімен кездесті

Атап айтқанда, тәуелсіздік алғаннан бері елімізге Түркия 3 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйғанын және бүгінде Қазақстанда түрік капиталыныӊ қатысуымен 2 мыӊға жуық кәсіпорын жұмыс істеп отырғанын атап өтті.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Түркия Республикасыныӊ іскер топтар өкілдерімен кездесті.

Қазақстан Президенті Түркияныӊ бизнес өкілдері алдында сөйлеген сөзінде екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық оӊ қарқын алып келе жатқанын атап өтті.

- Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара достыққа, бауырластық пен сенімге негізделген. Сауда айналымы жөнінен Түркия Қазақстанныӊ стратегиялық серіктестерініӊ алғашқы ондығына кіреді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 27 пайызға өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына жуықтады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы инвестициялық ынтымақтастық пен экономиканыӊ түрлі салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, тәуелсіздік алғаннан бері елімізге Түркия 3 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйғанын және бүгінде Қазақстанда түрік капиталыныӊ қатысуымен 2 мыӊға жуық кәсіпорын жұмыс істеп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті екі ел кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған "Жаӊа синергия" бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу нәтижелері жөнінде айтты.

- Осы бағдарлама аясында құны 800 миллион доллар болатын 23 жоба іске қосылып, 3 мыӊ жаӊа жұмыс орныныӊ ашылуына мүмкіндік берді. Кеше елдеріміздіӊ бизнес өкілдері құны 1,7 миллиард доллардан асатын 24 келісім-шартқа қол қойды. Бұл - біздіӊ өзара сенім мен ынтымақтастығымыздыӊ жарқын мысалы, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ экономикалық артықшылықтарына және елімізде бизнес жүргізу үшін жасалған қолайлы жағдайларға назар аударды.

- Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлікті дамыту үшін заӊнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Дүниежүзілік банктіӊ "Бизнес жүргізу жеӊілдігі" рейтингінде Қазақстан 190 елдіӊ арасында 36-орында. Біздіӊ мемлекет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Инвестициялық комитетініӊ мүшесі болып саналады, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеӊесі мен "Қазақ Инвест" компаниясыныӊ жұмысы және инвесторлар үшін қарастырылған түрлі жеӊілдіктер жөнінде айтты.

- Қазақстанда 11 арнайы экономикалық және 24 индустриялық аймақ бар. Олардыӊ жұмысына қатысушылар үшін салықтық және өзге де жеӊілдіктер қарастырылған. Түрік компанияларын Қазақстанда өз бизнестерін өркендетуге шақырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еліміздіӊ көлік-транзит әлеуетініӊ мүмкіндіктеріне жан-жақты тоқталды.

- Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансконтинентальды мультимодальды жүк тасымалын белсенді дамытуда. Еліміз арқылы 5 темір жол және 6 халықаралық автомобиль жолы өтеді. Транскаспий мультимодальды жүк тасымалын дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Ақтау портын жаӊғыртып, оныӊ мүмкіндіктерін кеӊейттік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы өнеркәсіп кәсіпорындарын жекешелендіру үдерісіне және агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық жобаларды іске асыруға шетелдік инвесторлардыӊ қатысу мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті түрік бизнесмендерін Назарбаев университеті мен Инновациялық технологиялар паркі базасында құрылған инновациялық кластерлердіӊ жұмысына атсалысып, туристік саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.

- "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ базасында "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмысы істей бастады. Бұл орталық Нью-Йорк, Сингапур, Лондон және Дубай қалаларындағы қаржы орталықтарыныӊ үздік моделі негізінде жұмыс жүргізеді. Оныӊ құқықтық мәртебесі конституциялық заӊмен бекітілді, жұмыс тілі - ағылшын тілі. Бұл - өӊірдегі қызметі ағылшын құқығына негізделген бірден-бір орталық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ негізгі артықшылықтары жөнінде айтып, бұл орталықтыӊ жұмысына қатысушылар үшін арнайы салық, валюта, виза және еӊбек режімдері енгізілгенін атап өтті.

Соӊында Қазақстан Президенті екі ел бизнесмендерін бүгінгі жасалып отырған мүмкіндіктіӊ бәрін пайдалана отырып, мемлекетаралық байланыстарды дамыту және нығайту ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев "Коч Холдинг" компаниясы басқармасыныӊ төрағасы Али Йылдырым Кочпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

"Коч Холдинг" компаниясы басқармасыныӊ төрағасы қорғаныс өнеркәсібіндегі және экономиканыӊ басқа да өндіріс салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты.

Мемлекет басшысы "Йылдырым групп" компаниясы басқармасыныӊ төрағасы Роберт Юксел Йылдырыммен кездесті.

Келіссөз барысында Қазақстан Президенті мен түрік кәсіпкері хром өндіру және химия өндірісі салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы бүгінде Ақтөбе облысында түрік компаниясы жұмыс істеп жатқанын айтып, инвесторлардыӊ екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жоспарларын қолдайтынын білдірді.

Қазақстан Президенті "Ояк Холдинг" компаниясыныӊ бас атқарушы директоры Сүлеймен Эрдеммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар экономиканыӊ түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

"Ояк Холдинг" компаниясыныӊ бас атқарушы директоры компанияныӊ жұмысы жөнінде кеӊінен әӊгімелеп, Қазақстанда бизнесін дамытуға мүдделілік танытты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны