30.05.2020, 14:03 9885

Мемлекет басшысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құрылыс индустриясының дамуы және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылуы жайында баяндады.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Қасым-Жомарт Тоқаев күн электр станциясын аралап көрді.

Мемлекет басшысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды. Президент сапары "Hevel Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты күн электр станциясының жұмысымен танысудан басталды. Аталған нысан биыл пайдалануға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы "жасыл энергетиканы" дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді. Құрылыс жобасын салу барысында компанияның өз әзірлемесі, атап айтқанда, гетероқұрылымды екі жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңартылатын қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, электр станциясының қызметкерлеріне табыс тіледі.

Қазақстан Президенті "Astana Ceramic" ЖШС-не барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында керамикалық тас пен кірпіш өндіретін "Astana Ceramic" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Президентке аталған жобаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы айтылып, құрылыс материалдарын өндіру технологиясы таныстырылды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құрылыс индустриясының дамуы және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылуы жайында баяндады.

Мемлекет басшысы аймақтағы құрылысты сапалы салудың, барлық инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны