14.02.2020, 11:45 8731

Мемлекет кірісіне "КазТрансГаз Аймак" АҚ-ның Атыраулық филиалынан 4 040 000 теңге көлемінде айыппұл соммасы өндірілді

Атыраулық филиал Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 24-бабының 10-тармағының 3) тармақшасының талабын бұзған

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет кірісіне "КазТрансГаз Аймак" АҚ-ның Атыраулық филиалынан 4 040 000 теңге көлемінде айыппұл соммасы өндірілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес "ҚазТрансГаз Аймак" АҚ-ның Атыраулық филиалы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Нақтырақ айтқанда, Атыраулық филиал Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 24-бабының 10-тармағының 3) тармақшасының талабын бұзған, онда реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде табиғи монополия субъектісіне, соның ішінде табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоюға тыйым салынатыны айтылған.

Күні бүгінге 4 040 000 теңге көлеміндегі айыппұл сомасы мемлекет кірісіне өндірілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны