10.12.2009, 13:27 3318

Мемлекет металл бағасы өскен кезеңде жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықты ұлғайтпақ ниетте - ҚР премьері

Мемлекет металл бағасы өскен кезеңде жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықты ұлғайтпақ ниетте - ҚР премьері

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет металл бағасы өскен кезеңде жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықты ұлғайтпақ ниетте. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан тау-кен металлургия қызметкерлерінің ІІ съезінде Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Салық заңнамасы бойынша - жалған үміт болмауы үшін мен былай дер едім: кен Қазақстан халқына тиесілі. Сіздер оны уақытша пайдаланып отырсыздар, ол сіздердің меншіктеріңіз емес. Сондықтан дағдарыс жағдайында салық төмендетілді, сөйтіп біршама қысым жойылды. Алайда тау-кен өнеркәсібі өнімдерінің бағасы өскен кезде, мемлекет ренттің бір бөлігін жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықты көтеру есебінен қиятын болады", деді үкімет басшысы.

"Өз рентабельділіктеріңізді еңбек өнімділігін жақсарту, жаңа технологияларды енгізу есебінен арттырыңыздар. Бағаның конъюнктуралық артуы есебінен рентаның бір бөлігін біз алатын боламыз, ал жағдай нашарлайтын болса, біз бұл шекті түсіретін боламыз. Үкіметтің ұстанымы - жалған үмітті оятпау", деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны