21.01.2010, 13:56 2650

Мемлекет жеке кәсіпкерлік саласына нарықтағы бәсекеге атсалысуға қайта мүмкіндіктер беруге тиіс - Кәрім Мәсімов

Мемлекет жеке кәсіпкерлік саласына нарықтағы бәсекеге атсалысуға қайта мүмкіндіктер беруге тиіс - Кәрім Мәсімов

Астана. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет жеке кәсіпкерлік саласына нарықтағы бәсекеге атсалысуға қайта мүмкіндіктер беруге тиіс. Бұл туралы бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Объективтік болған шығар, мүмкін, дағдарыс кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы ұлғайды. Өйткені, көптеген кәсіпорындар қаржыдан қағылды", -деді Кәрім Мәсімов.

Оның бағалауынша, қазір "ахуал тұрақтана бастады, бәрі де қалыпты жұмыс тәртібіне көшті". Осыған байланысты оның атап көрсетуінше, "бүгінгі жағдайда мемлекет өзін тоқтатып, жеке кәсіпкерлік саласына, шағын және орта бизнеске нарықтағы бәсекеге атсалысуға қайта мүмкіндіктер беруге тиіс".

Ол бұған қоса ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігіне Қазақстандағы нарық қатысушыларына бәсекелі жағдайда дамуға мүмкіндік беруді тапсырды. "Дұрыс бәсекелі орта қалыптастыру қажет, агенттік осы бағытта алға жылжуға тиіс", - деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны