15.08.2011, 11:40 3271

Мемлекетіміз 2011 жылы кәсіпорындардан 26,3 млрд теңгеге ет және ет өнімдерін сатып алады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан 2011 жылы ет пен ет өнімдерін сатып алуға 26,3 млрд. теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

Астана. 15-тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекетіміз 2011 жылы кәсіпорындардан 26,3 млрд теңгеге ет және ет өнімдерін сатып алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан 2011 жылы ет пен ет өнімдерін сатып алуға 26,3 млрд. теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

"Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда электронды сатып алулар жергілікті бизнесті ынталандырады, отандық өндірушілерге дамуға қолғабыс етеді. Біз электронды сатып алу жүйесін дағдарыстың белең алып тұрған кезінде іске қостық. Бұл мемлекеттік тапсырысқа бұған дейін қол жеткізе алмаған шағын және орта бизнеске дағдарыстан шығуға септігін тигізді. Енді кәсіпкерлер, мемлекет мысалға, әр санаттар бойынша ет пен ет өнімдеріне қанша қаражат жұмсауды көздеп отырғанын білгеннен кейін өздерінің мүмкіндіктеріне қарай жұмыстарын алдын ала жоспарлап, мемлекеттік тапсырысқа қатыса алады", - деп атап өтті "Электронды коммерция орталығы" ЖШС-ның басқарма төрағасы Сұлтанқажы Ахметов.

Мәселен, 2011 жылы ет пен ет өнімдеріне қарастырылған 26,3 млрд. теңгенің 8,2 миллиарды сиыр мен бұзау етін, 108 млн. теңгесі - шошқа, 6,5 млрд. теңгесі - қой, 10 млн. теңгесі ешкі, 842 млн. теңгесі жылқы және 5,4 млрд. теңгесі құс етін сатып алуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, 4 млрд. теңгеге ет пен қосалқы ет өнімдері, 1,1 млрд. теңгеге шұжық өнімдері сатып алынбақ.

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтар сиыр мен бұзау етіне - 8,2 млрд. теңге, қой етіне 6,5 млрд. және құс етіне 5,4 млрд. теңге жұмсайтын көрінеді.

Айта кетейік, электронды түрде мемлекеттік сатып алуларды өткізу алаңы ҚР Қаржы министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген - Электронды коммерция олрталығының веб-порталы болып табылады. Қазақстандық портал тек мемлекеттік сатып алуларды жүргізу үшін ғана емес, жеткізушілер, сатып алушылармен жасалатын келісімдер туралы ақпараттарды орналастыруға арналған. Бүгінгі күні ҚР мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдаланушылардың саны 1074 мың тіркелген қатысушыны құрайды. Веб-порталда барлығы 6,8 млн. лот және 2 млн.-нан астам хабарландырулар орналастырылды. Соңғы айда порталды 1,6 млн. адам қарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны