10.01.2013, 11:07 3733

Мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі 3091,3 млрд теңгені құрады

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының ж?не Ұлттық Банктің айналыстағы қысқа мерзімді ноттарының көлемі дисконтталған баға бойынша 3091,3 млрд. теңге құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі 3091,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының ж?не Ұлттық Банктің айналыстағы қысқа мерзімді ноттарының көлемі дисконтталған баға бойынша 3091,3 млрд. теңге құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

2012 жылы Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды, 2011 жылмен салыстырғанда 58,3% -ға ұлғайтып, 1066,7 млрд. теңгеге орналастырды.

"2012 жылы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша 102 аукцион өткізілді, онда 9-айлық МЕККАМ (олар бойынша кірістілік 2,52% құрады), 12-айлық МЕККАМ (олар бойынша кірістілік 3,03% құрады), 2, 3, 4, 5-жылдық МЕОКАМ (олар бойынша кірістілік тиісінше 3,23%, 4,40%, 5,37% ж?не 5,58% құрады), 6, 7, 8, 9, 10, 11, 13, 15, 16, 20-жылдық МЕУКАМ (кірістілік тиісінше - 5,75%, 6,00%, 5,30%, 6,00%, 6,35%, 5,00%, 6,60%, 6,60%, 5,50% ж?не 6,70% құрады), 8, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 19-жылдық МЕУЖКАМ (олар бойынша кірістілік инфляция деңгейінен 0,01% болды)", - деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметінен.

Н?тижесінде, 2012 жылы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 0,7%-ға 2905,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары эмиссиясының көлемі 2012 жылы 857,2 млрд. теңге болды, бұл 2011 жылға қарағанда 3,5 есе аз. Н?тижесінде 2012 жылғы желтоқсанның аяғында айналыстағы ноттардың көлемі 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 186,1 млрд. теңгеге дейін 2,7 есе азайды.

Ноттар бойынша тиімді кірістілік 2011 жылдағы 1,21%-дан 2012 жылдың қорытындысы бойынша 1,46%-ға дейін ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны