05.08.2011, 14:40 3300

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға Қазақстан облыстарына 1,5 трлн теңге бөлінді

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдері қатысқан жиналыс өтті.

Астана. 5 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға Қазақстан облыстарына 1,5 трлн теңге бөлінді, деп мәлімдеді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдері қатысқан жиналыс өтті.

Нұрсұлтан Ибішұлы Қазақстанда үдемелі индустриялық-инновациялық даму, "Жұмыспен қамту", "Өнімділік", "Ауыз су", "Бизнестің жол картасы" және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бағдарламалары іске қосылғанын атап өтті.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, индустрияландыру бағдарламасынан басқа осы бағдарламаларды жүзеге асыруға мемлекет тарапынан қазірдің өзінде 165 млрд теңге бөлініп отыр. Елбасы жиналыс барысында өңірлер трансферт түрінде 1,5 трлн теңге алғандарын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны