04.06.2014, 23:37 3111

Мемлекеттік энергетикалық реестрдегі 4 мыңнан астам субъект өз кәсіпорындарында энергоаудит өткізеді - Ж.Бөкенбаев

2011 жылы елімізде 2012-2015 жылдарға арналған ҚР энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспар бекітілді.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Бүгін "Қазақстанда энергия тиімділігі шараларын қаржыландыру және жүзеге асыру механизмдері" конференциясында "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ Басқарма төрағасы Жақып Бөкенбаев мемлекеттік энергетикалық реестрдің (МЭР) 4 мыңнан астам субъектісі өз кәсіпорындарында энергетикалық аудит өткізеді деп мәлімдеді.

"МЭР 4 мыңнан астам субъектілері "ҚР Энергияны үнемду және энерготиімділікті арттыру туралы" заңнамасына сәйкес энергетикалық аудит өткізуге міндетті болады. Бұл шара өткен жылдан бастап басталып кеткен. Бүгінгі таңда оның қарқыны өсіп, негізгі көлем күзде болады", - деді Ж. Бөкенбаев.

Оның айтуынша, МЭР субъектілерінің жалпы электр энергиясын тұтыну көлемінің 60% мемлекеттік сыңайлы секторға, 38% заңды тұлғаларға, 2 мемлекеттік мемлекеттерге тиесілі.

"МЭР ірі субъектілерінің шартты отынды тұтыну көлемі 46 млн. 300 мың 540 тоннаны құрады. Бұл республика бойынша тұтыну көлемінің 40%-нан асады. Егер ірі 50 тұтынушының энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендетсек, онда ЖІӨ энергия сыйымдылығы 4%-ға жыл сайын төмендетуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде қазақстанның экономикасы энергияға тәуелді. Себебі, ірі тау-кен - металлургиялық кешендер мен энергетиктер басым.

"Сонымен қатар, энегрияны үнемдеу саласында бақылау ұйымдастырылып, қалданыстағы заң аясында 100 нысанға тексеріс жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, бірқатар құқық бұзушылық әрекеттер тіркеліп 72 протокол толтырылды. Ал, әкімшілік бузушылақтар 68 млн. теңгені құрады", - деді Ж. Бөкенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы елімізде 2012-2015 жылдарға арналған ҚР энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспар бекітілді.

"Бүгінгі таңда аталымыш кешендік жопардың 80% асырылып қойған", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны