Система Orphus

Мемлекеттік кірістер комитеті Қосылған құн салығының өтемақысы қайтарылатыны туралы видеоға сенбеуге шақырады

11.01.2020, 17:10 7291

Алматы. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекеттік кірістер комитеті Қосылған құн салығының өтемақысы қайтарылатыны туралы видеоға сенбеуге шақырады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Youtube желісінде және түрлі мессенджерлерде тараған видеоның шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

Айта кетейік, жаңа жылдың алдында қазақстандықтар WhatsApp арқылы Youtube желісінде жарияланған видеоны тарата бастады. "Сообщили новость" деп аталатын роликте "tax free" бойынша қосарланған құн салығының өтемақысын қайтару тәртібі жайында айтылады. Онымен 100 000 - 1 500 000 теңгенің өтемақысын алуға болады-мыс.

Видеоға сәйкес, алдымен арнайы сайтқа өту керек. Одан кейін 5 мың теңгенің көлемінде заңгерлердің ақысы төленеді. Соңында банк картасының нөмірін енгізу арқылы өтемақыны алуға болады. Видео авторлары бұл хабарламаны республикалық телеарналардың бірі өз эфирнде көрсеткендей етіп монтаждаған. Жылдың аяғына қарай бұл видеоның жалпы қаралым саны 1 миллионнан асып кеткен.

Туындаған сұрақтарды назарға ала отырып, мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарады және бұл - алаяқтардың әрекеті екендігіне баса назар аударуға шақырады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда "tax free" жүйесі бар. Бірақ ол тек шетелдік туристер үшін Алматыдағы "Esentai Mall" сауда орталығында пилоттық жоба ретінде қолға алынған. Оған сәйкес, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың қосарланған құн салығы қайтарылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны