23.08.2011, 14:02 4229

Мемлекеттік қызметкерлер "халықтық IPO-ға" қатыса алады

Мемлекеттік қызметкерлерге "халықтық" IPO-ға қатысуға рұқсат ету жоспарлануда. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ бсқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишимбаев хабарлаған.

Астана. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызметкерлер "халықтық IPO-ға" қатыса алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік қызметкерлерге "халықтық" IPO-ға қатысуға рұқсат ету жоспарлануда. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ бсқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишимбаев хабарлаған.

"Мемлекеттік қызмет туралы" және "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңға өзгертулер енгізу - мемлекеттік қызметкерлерге компания акцияларын сатып алуға мүмкіндік беру өте маңызды. "Халықтық" IPO бағдарламасына қатыса алатын адамдар мемлекеттік қызметкерлердің ішінде өте көп, олардың мүмкіндігі де, бағдарламаға қатысуға білімі де жеткілікті", - деді Қ.Бишимбаев.

Сонымен бірге ол, егер мұндай түзетулер жасалмаса, "халықтық" IPO бағдарламасына қатысуға сұраныс жоғары болмайтынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны