27.03.2008, 17:04 3172

Мемлекеттік қолдауға қарамастан жерге себілген минералды тыңайтқыштар көлемі жеткіліксіз-АШМ

Мемлекеттік қолдауға қарамастан жерге себілген минералды тыңайтқыштар көлемі жеткіліксіз-АШМ

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік қолдауға қарамастан Қазақстанда жерге себілген минералды тыңайтқыштар көлемі жеткіліксіз. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің коллегиясында АШМ фитосанитарлық қауіпсіздік және диқаншылық департаментінің директоры Ана Буць мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" Мемлекеттік қолдауға қарамастан жерге себілген минералды тыңайтқыштар көлемі әзірге жеткіліксіз болып отыр ", - деп мәлімдеді А. Буць.

"2007 жылы енгізілген минералды тыңайтқыштар бес жыл бұрын бөлінген көлемнен үш есе артық болды. 1 гектар алқапқа республикалық орта есептік көрсеткіш бойынша қажетті 32,5 келінің орнына 4 келі зат себілді немесе сұраныстың тек 12 пайызы ғана орындалады. Сонымен қатар Алматы облысында 4,9%, Қостанайда - 4%, Ақмолада- 1,9%, Жамбыл - 1,4% және Шығыс Қазақстан облыстарында - 0,7% көлемінде минералды тыңайтқыштар пайдаланылған", -деп түсіндірді ол.

Департамент басшысы атап өткеніндей, өсірілетін басты өнімдердің 1 гектар жеріне бөлініп отырған субсидиялардың көлемі көбейтілуде. Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап ауыл шаруашылық өндірісшілері үшін "Азықтүліккорпорациясы" АҚ арқылы минералды тыңайтқыштарды сатып алуға бағытталған несиелік бағдарламасы енгізілді".

Оның пікірі бойынша, "шаруалар арасында бөлінген қаржыны жанар-жағар маймен қоса, өсімдіктерді қорғауға, минералды тыңайтқыштарға да жұмсау қажеттігін түсіндіру керек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны