14.01.2011, 17:03 3859

Мемлекеттік материалдық резервтен 2010-шы жылы $28 млн-нан астам сомаға гуманитарлық көмек бөлінді

2010-шы жылы мемлекеттік материалдық резервтен $28 млн-нан астам сомаға гуманитарлық көмек бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТАГ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 14 - қаңтар. Kazakhstan Today - 2010-шы жылы мемлекеттік материалдық резервтен $28 млн-нан астам сомаға гуманитарлық көмек бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТАГ ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, "2010-шы жылы мемолекеттік материалдық резервтен Тәжікстан Республикасына, Ауғанстан Ислам Республикасына, Молдова Республикасы мен Моңғолияға гуманитарлық көмек көрсету үшін жалпы сомасы 14 млн 856 мың 156 долларға азық-түлік, шатырлар, төсек жапқыштар, гигиеналық жабдықтар түріндегі материалдық құндылықтар бөлінді", - делінген ТЖМ коллегиясының жұма күнгі отырысында таратылған ақпараттық баянда.

Одан басқа, 2010-шы жылы Қырғыз Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандандыру үшін $13 млн 347 мың 216 доллар сомасына жанар-жағар май, құрылыс материалдары, көмір, азық-түлік, гигиена жабдықтары түріндегі гуманитарлық көмек көрсетілді.

Гуманитарлық көмектің жалпы сомасы $28 млн 203 мың 372 болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны