23.05.2008, 13:05 1262

Мемлекеттік меншікті ИКК-ға беруде бірқатар қиындықтар бар - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Мемлекеттік меншікті ИКК-ға беруде бірқатар қиындықтар бар - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік меншікті ИКК-ға беруде бірқатар қиындықтар бар екенін атап көрсетуде. Бұл туралы бүгін "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өңірдің даму негізі" атты дөңгелек үстел барысында индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков мәлімдеді , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға беру үшін мемлекеттік активтерге санақ жүргізу тиісті деңгейде жүзеге асырылған жоқ дегенді айта кету керек", - деп мәлімдеді Е. Мамытбеков. "Нәтижесінде Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға, әдеттегідей, өтпейтін әрі пайдасыз кәсіпорындар берілуде, олар оның тұрақты дамуына негіз бола алмайды", -деді ол.

Вице-министрдің нақтылауынша, "көп жағдайда берілген кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасы нашар, жер телімдері, ғимараттары мен құрылғылары жоқ".

Оның пікірінше, " Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға мемлекеттік активтерді берудің басты тұжырымдамалық проблемасы - мемлекеттік меншіктегі мүлікті иеліктен шығарып жеке меншікке беру мәселесінің заңдық тұрғыда реттелмеуінде".

Е. Мамытбековтың түсіндіруінше, қолданыстағы азаматтық заңнамаға сәйкес, мемлекеттік мүлік тек сату арқылы ғана иеліктен шығарылып, жеке меншікке беріледі. Осыған байланысты "үкімет мемлекеттік мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталының төлеміне беру мүмкіндігін қарастыратын тиісті заң жобасын жасады", - деді вице-министр.

Сонымен бірге, Е. Мамытбековтың айтуынша, "көп жағдайда өтімді нысандар мен жылжымайтын мүлік нысандарын әкімшіліктер Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға бермес бұрын иеліктен шығарып алған, бұл жайт аталған кәсіпорындарды тұрақты әрі пайдалы бизнес жүргізе алу мүмкіндігінен айырды". Сондай-ақ, "оларды Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға беру жөніндегі шешім шығардық алдында ғана әкімшіліктердің ұйымдарға қатысу үлесін азайту оқиғалары да кездескен".

"Икімшіліктер Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың құрамына берілген кәсіпорындардың функциясымен бірдей функциялы кәсіпорындар құруда", - деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны