13.08.2008, 18:39 2959

Мемлекеттік монополия субъектілеріне мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарларды өндіруге заң жүзінде тыйым салынады - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Мемлекеттік монополия субъектілеріне мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарларды өндіруге заң жүзінде тыйым салынады - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Парламент "Бәсекелестік туралы" заңның тиісті нормасын мақұлдаған жағдайда мемлекеттік монополия субъектілеріне мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарларды өндіруге заң жүзінде тыйым салынатын болады. Бұл туралы бүгін "Бәсекелестік туралы" заң жобасы талқыланған "дөңгелек үстелде" Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекеттік монополия субъектісіне (бұл осы заң жобасының жаңалығы) тауар өндірісімен технологиялық байланысы бар қызметтерді санамағанда мемлекеттік монополия салаларына қатысы жоқ тауарларды шығаруға тыйым салынатыны қарастырылған", - деді Н. Алдабергенов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мемлекеттік монополия субъектілеріне акцияларды немесе жарғылық капиталдағы қатысу үлесін иеленуге, сондай-ақ, заңды тұлғалардың қызметіне басқа да жолдармен араласуға тыйым салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны