09.02.2010, 12:59 1523

Мемлекеттік резервке 2009 жылғы түсімнен 620,8 мың тонна астық сатып алынды - Сұлтанов

Мемлекеттік резервке 2009 жылғы түсімнен 620,8 мың тонна астық сатып алынды - Сұлтанов

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік резервке 2009 жылғы түсімнен 620,8 мың тонна астық сатып алынды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдың 15 қаңтарындағы жағдаймен 2009 жылғы түсімнен 620,8 мың тонна астық сатып алынды ", - деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, "өткен жылы ауылшаруашылығында жоғарғы нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі туды". "Өсім өсімдік шаруашылығы саласындағы өндірістің 23,1% өсуі есебінен 13,8% құрады. Республикалық бюджеттен ауылшаруашылығы өндірісін дамытуға 96 млрд теңге бағытталды, оның 41,3 млрд теңгесі өндірісті субсидиялауға жұмсалды. Бұл көптеген ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне өндірісті басымдық берілген дақылдарды өсіруге қайта бағыттауға, егіс алқаптарын ұлғайтуға, техникалық және технологиялық тұрғыда қайта жабдықтауға, жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді", - деді ол.

Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, "мал шаруашылығы саласында да оңды даму қарқыны сақталуда. "Бұл саладағы өсім 2009 жылы 2008 жылғыға шаққанда 2,3% құрады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны