21.10.2022, 14:20 34306

Мемлекеттік сатып алу шеңберінде автогазды жоғары бағамен сатқан компаниялар жауапкершілікке тартылды

Қазіргі уақытта Ер-Нұр ЖШС (айыппұл - 306 мың 300 теңге) мен КББ корпорациясы (айыппұл - 306 мың 300 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Integra-N ЖШС бойынша сот процесі өткізілуде.
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде автогазды жоғары бағамен сатқан компаниялар жауапкершілікке тартылды
Сурет: Depositphotos
Астана. 21 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Монополияға қарсы ведомство мемлекеттік сатып алу шеңберінде шекті бағадан аса отырып, сұйытылған мұнай газын өткізген нарық субъектілерін анықтады, деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
 

Жоғарыда аталған нарық субъектілеріне Нұсқама түріндегі монополияға қарсы ден қою актілері енгізілді. Нарық субъектілері тарапынан нұсқама елеусіз қалдырылды. Осыған орай, соттарға монополияға қарсы органның ден қою актілерін мәжбүрлеп орындату туралы талап-арыздар берілді. Сот шешімдерімен монополияға қарсы органның талабы толық көлемде қанағаттандырылды", - деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

 
Қазіргі уақытта Ер-Нұр ЖШС (айыппұл - 306 мың 300 теңге) мен КББ корпорациясы (айыппұл - 306 мың 300 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Integra-N ЖШС бойынша сот процесі өткізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны