19.06.2008, 10:23 1621

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының жаңа сатысы Астанада күзден бері бастала қоймайды

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының жаңа сатысы Астанада күзден бері бастала қоймайды

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының жаңа сатысы Астанада күзден бері бастала қоймайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Вечерняя Астана" газетіне сілтеме жасай отырып.

Астана қаласында мемлекеттік бағдарламаның екі сатысы аяқталған. Алғашқысында 1352 адам пәтер кілтіне ие болды. Бұл пәтердің шаршы метрін 350 АҚШ долларынан алуға арыз бергендердің жалпы санының 13 пайызын құрайды, деп хабарлайды газет.

Астананың қалалық мәслихатындағы депутаттық сағатта елорданың тұрғын үй департаментінің директоры Еркеболат Қабылдин былтыр тұрғын үй департаменті 13 876 арыз қабылдағанын, алайда, жаңа пәтердің кілтін тек 3326 адам алғанын хабарлаған. Дегенмен, жаңа пәтерге қоынстанғандар саны одан да аз.

"Кешендерді пайдалануға беру кезінде кейбір уақытынан кешігу оқиғалары болды. Қазіргі күні барлығы 605 пәтер пайдалануға берілген. Алайда, алаңдаудың қажеті жоқ. Мемлекеттік бағдарлама бойынша өткендердің барлығы да пәтерлерін жыл соңына дейін алады", - деп мәлімдеді Е. Қабылдин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны