05.06.2009, 16:04 3163

Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры басқармаларының төрағасы өз өтініші бойынша қызметтен кетті - Қор

Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры басқармаларының төрағасы өз өтініші бойынша қызметтен кетті - Қор

Алматы. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры басқармаларының төрағасы өз өтініші бойынша қызметтен кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қордың хабарламасына сілтеме жасап.

"Ал қор басқармалары төрағасының қызметтен кету жайына келсек, оның өкілеттілігі ағымдағы жылдың мамыр айында өз өтініші бойынша тоқтатылған", -делінген қор хабарламасында.

Еске сала кетейік, мәжіліс депутаты Виктор Рогалев 3 маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорының таза пайдасы қысқара түскен жағдайда қор басшылығының жалақысының жоғары қалпында қалуын түсіне алмай таңданыс білдірген болатын. Ол бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында Есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есебіне қорытынды болып табылатын есебін қарау барысында мәлімдеді.

"Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорының төрағасының жалақысы 1 млн теңгеден асады, ал оның орынбасарларының жалақысы - 850 мың теңге. Онымен тынбай, жыл қорытындысы бойынша қордың үш басшысына берілген сыйақының көлемі 770,5 млн теңгені құрады. Қордың әкімшілік шығындарының өсуі таза пайданың азаюына алып келді, өз кезегінде республикалық бюджетке 1 млрд теңгеден астам түсім түспей қалды", - деді В. Рогалев.

Ал ҚР Есеп комитетінің басшысы Омархан Өксікбаев палатаның жалпы отырысында: "біздің таныстыруымыз бойынша, Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорының басшысы жұмыстан шығарылды",- деп мәлімдеді.

Қордың хабарламасына сүйенсек, "Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес, салымшылардың зейнетақы жинақтарына қол сұғылмайды және оларды қор өз мақсатында пайдалана алмайды. Қордың іс-қызметіне қатысты барлық шығындар, соның ішінде қызметкерлердің еңбекақы төлемдері тек компанияның өз қаржысының есебінен төленеді, ал олар өз кезегінде қордың жарғылық капиталы мен қордың өз іс-қызметінен алынған кірістерден төленеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны