29.05.2008, 13:11 1396

Мемлекеттік -жеке меншік серіктестігінің механизмдерін жол саласында пайдаланылуы бюджетке түсетін салмақты айтарлықтай азайтады -Ахметов

Мемлекеттік -жеке меншік серіктестігінің механизмдерін жол саласында пайдаланылуы бюджетке түсетін салмақты айтарлықтай азайтады -Ахметов

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік -жеке меншік серіктестігінің механизмдерін жол саласында пайдаланылуы бюджетке түсетін салмақты айтарлықтай азайтады. Бұл туралы мемлекеттік- жеке меншік серіктестігін дамыту мәселелері жөніндегі "дөңгелек үстелінде" ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Концессия ретінде жолдардың құрылысы мен мемлекеттік -жеке меншік серіктестігін жол саласында пайдалануы елімізде қауіпсіз жаңа көлік жолдарының құрылысына қаржы тарту мәселесінің тиімді шешімі болып табылады. Бұл ұзақ мерзімге дейін жобаларды жүзеге асыру кезіндегі қаржылық бір реттік салмағын жеңілдетеді ", - деді С. Ахметов.

Оның пікірі бойынша, қаржыны мұндай жолмен тарату арқылы "жолдың бірнеше учаскелерінде бір уақытта жөндеу жұмыстарын жасауға, сондай-ақ бюджеттен бөлінген қаржыны басқа мақсаттарға жұмсауға мүмкіндік береді ".

Министр хабарлағанындай, оның ведомствосы жүргізген зерттеулері бойынша, Қазақстанда жыл сайын жол саласындағы жолдардың дамуын жеделдету үшін және қолданылып отырған жол магистральдерін қолдау үшін 240 млрд теңгеден кем емес қаржы бөлінуі қажет. " Жолдарды пайдаланатындардан жиналатын салық көлемі жолдарды жөндеп оны қолдауға әрең жетеді, статистикалық мәліметтер бойынша 2006 жылы жолдарды пайдаланушылардан түскен салық көлемі 31,5 млрд теңгені құрады. Сонымен бірге бюджеттен жолдарды жөндеу жұмыстарына 78 млрд теңге жұмсалып, яғни көлік жолдары саласы экономиканың басқа секторлары есебінен қаржыландырылды ", - деп хабарлады ККМ басшысы.

Министрдің айтуынша, жолдарда жиі болатын өлімі -жітім көрсеткіштерін МЖС механизмдерін қолдану арқылы елдің көлік жолдарындағы қауіпсіздігін арттыруға болады. Финляндияның тәжирибесін зерттеу кезінде анықталғанындай, бұл елде жол көлік апаттар саны мен жолдардағы өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуі көлік жолдарының сапасын анықтайтын негізгі өлшем болып саналады. Финляндияда жалпы қолданылатын 75 мың жол бар болса, бізде ондай жолдардың 120 мыңы есептелген. Бірақ Финляндияның жолдарында жыл сайын 320 мың адам қаза болса, бізде жыл сайын 3 мыңнан аса адам көз жұмады ", -деп атап өтті С. Ахметов.

Ол еске салғанындай үкімет қазіргі кезде парламентке МЖС мен көлік жол саласына қатысты бірқатар заңдарға күрделі өзгертулерді қарастыратын прогрессивті заң жобасын тапсырды". "Бұз өзгертулер жол секторында концессиялық жобалардың тиімділігін көтереді және инвесторларға жаңа көлік жолдары құрылысына қаржы салуына түрткі болады", -деп есептейді ККМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны