02.02.2009, 16:07 1217

Мемлекеттің БТА банк акцияларының бақылау пакетін сатып алуы рейдерлікке жатпайды - Бахмутова

Мемлекеттің БТА банк акцияларының бақылау пакетін сатып алуы рейдерлікке жатпайды - Бахмутова

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Мемлекеттің БТА банк акцияларының бақылау пакетін сатып алуы рейдерлікке жатпайды. ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігінің төрайымы Е. Бахмутова бүгін журналистерге берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекеттің БТА банк акцияларының бақылау пакетін сатып алуы рейдерлікке жатпайды. Өйткені барлық іс-әрекеттер қолданыстағы заңнаманың аясында жүзеге асырылған және банктің іс-қызметіне тиісті тексерулер жүргізу нәтижелерімен расталған", - деді Е. Бахмутова.

Банктің директорлары кеңесінің төрағасы Мұхтар Аблязовтың жұмыстан босатылуына байланысты берген түсініктемесінде ол : " ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігінде бар мәліметтерге сәйкес, Аблязов 10 немесе одан жоғары проценттік акциялар пакетіне иелік етпейді, оның үстіне ол өзінің директорлар кеңесінің төрағасы деген лауазымынан өзге мәлімдеме жасау арқылы банкке ешқандай ықпалын тигізе алмайды деп мәлімдегім келеді",- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны