16.10.2015, 09:52 7865

"Мешін жылы" алтын және күміс ескерткіш монетасын және "Шыбыншы торғай" ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығару туралы

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылғы 16 қазаннан бастап "proof" сапасымен номиналы 500 теӊгелік "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясынан "Мешін жылы" алтын және күміс ескерткіш монеталарын және "proof" сапасымен номиналы 500 теӊгелік "Қазақстанныӊ флорасы мен фаунасы" монеталар сериясынан "Шыбыншы торғай" ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады

Астана. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылғы 16 қазаннан бастап "proof" сапасымен номиналы 500 теӊгелік "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясынан "Мешін жылы" алтын және күміс ескерткіш монеталарын және "proof" сапасымен номиналы 500 теӊгелік "Қазақстанныӊ флорасы мен фаунасы" монеталар сериясынан "Шыбыншы торғай" ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мешін жылы" монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаныӊ бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей.

Монеталардыӊ бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырыныӊ мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оныӊ сынамы мен массасын (күмістен жасалған монетада - "Ag 925 31,1 g", алтыннан жасалған монетада - "Au 999 7,78 g") білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күӊгірт жиек жүргізілген, оныӊ үстінде монетаныӊ номиналын білдіретін "500 ТЕӉГЕ" деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазу және күнніӊ стильдендірілген бейнесі.

Монеталардыӊ сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2016 жылдыӊ символы - мешін бейнеленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күӊгірт жиек жүргізілген, оныӊ үстіне монетаныӊ соғылған жылын білдіретін "2016" ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде "ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ", орыс тілінде "ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ" және ағылшын тілінде "ORIENTAL CALENDAR" деген сөздер ойып жазылған. Күӊгірт жиектіӊ ішкі жағына шығыс күнтізбесініӊ қалған он бір символы орналасқан.

Монеталардыӊ бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.

Монеталар:

1) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 гр, сипатталған шеӊберініӊ диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - "proof", таралымы - 3 мыӊ дана;

2) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы - 7,78 гр, сипатталған шеӊберініӊ диаметрі - 21,87 мм, дайындау сапасы - "proof", таралымы - 1 мыӊ дана.

"Мешін жылы" ескерткіш күміс және алтын монеталары "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясын жалғастыратын алтыншы монеталар жұбы болып табылады. 2016 жылғы 8 ақпанда шығыс күнтізбесі бойынша мешін жылы кіретінін еске түсіреміз.

"Шыбыншы торғай" монетасыныӊ пішіні сопақ. Монетаныӊ бет жағында (аверсінде) Жердіӊ барлық тұрғындарына деген қамқор қатынасты білдіретін Жер планетасыныӊ адам алақанындағы стильдендірілген бейнесі, монетаныӊ номиналын білдіретін "500 ТЕӉГЕ" деген жазу, монета дайындалған металды, оныӊ сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 g" деген жазу бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар.

Монетаныӊ сырт жағында (реверсінде) ағаш бұтағыныӊ арасындағы шыбыншы торғай бейнеленген. Шыбыншы торғайдыӊ және жапырақтардыӊ бір бөлігініӊ бейнесі тампографиялық басу көмегімен түс қосып орындалған. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде "ШЫБЫНШЫ ТОРҒАЙ" деген жазу, латын тілінде түрдіӊ зоологиялық атауы "TERPSIPHONE PARADISI" және соғылған жылын білдіретін "2015" деген сан бар.

Монетаныӊ бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыӊқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 гр, сопағы 38,61 х 28,81 мм, дайындау сапасы - "proof", таралымы - 3 мыӊ дана.

Шыбыншы торғай (лат. Terpsiphone paradisi) - еліміздегі тропикалық шыбыншы торғайлардыӊ жалғыз өкілі. Бұл төмен қарай қайырылған ұзын құйрығы және басында жарқыраған қара айдары бар шағын жирен құс. Қазақстанда тек Батыс Тянь-Шаньда, сондай-ақ Оӊтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарыныӊ шегінде Қаратаудыӊ бүкіл жотасында ұялайды.

Номиналы 500 теӊгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасыныӊ бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемніӊ барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасыныӊ барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Ескерткіш монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ Қазақстан теӊге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардыӊ дизайны Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теӊгесі банкноттары мен монеталары дизайныныӊ тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны