19.12.2012, 16:51 3150

Milk Project Ақмола облысында сүтті қайта өңдеу жөніндегі құны 300 млн теңгелік өндірісті пайдалануға берді

"Milk Project" ЖШС Ақмола облысында Зеренді ауданында табиғи асептикалық сүт өндірісін пайдалануға берді.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Milk Project Ақмола облысында сүтті қайта өңдеу жөніндегі құны 300 млн теңгелік өндірісті пайдалануға берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Milk Project" ЖШС Ақмола облысында Зеренді ауданында табиғи асептикалық сүт өндірісін пайдалануға берді.

Өндірістің қуаттылығы жылына 15,6 млн литр сүт өңдеуге мүмкіндік береді.

"Бизнестің жол картасы -2020" және Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылып отырған жобаның құны - 300 млн теңге .

Жабдықты "УМЗ Эколин" ААҚ жеткізіп берді.

Milk Project 2009 жылдан бері жұмыс істейді, сүттен бөлек мал шаруашылығымен айналысады, жемшөп цехы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны