29.10.2021, 20:51 155776

МКК: Қазақстанда 9 айда 1,3 мыңнан астам борышкер банкрот деп танылды

2021 жылдың 9 айында салықтық берешектерді кейінге қалдыру және мерзімін ұзартуды қолданғандардың саны 70%-ға, ал оңалту рәсімін қолданғандардың саны 2 есе ұлғайды.
НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, 2021 жылдың 9 айында 1 315 борышкер банкрот деп танылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2020 жылы бастау алған коронавирустық инфекцияның таралуынан енгізілген шектеулердің себебінен экономикалық құлдыраудың аясында көптеген бизнес субъектілері ауыр қаржылық жағдайға ұшырады. Соның салдарынан салықтық берешектерді кейінге қалдырып, мерзімін ұзартқандар және оңалту рәсімін қолданғандардың саны ұлғайды. Осыған орай, 2021 жылдың 4 наурызында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің заңды тұлғаларды және дара кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруіне 2021 жылғы 1 шілдесіне дейін тыйым салынды", - деп хабарлайды МКК баспасөз қызметі.

 
Мемлекеттік кірістер комитеті өз жағынан "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оңалту рәсімдерін алға жылжыту бойынша жұмыстарды басымдылыққа қою, сондай-ақ салықтық берешектерді кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту арқылы өз міндеттерін қайта қарастырып, төлемге қабілетсіз салық төлеушілерді банкрот деп тануды тек ең ақырғы жағдайларда жүгінді.
 

Осылайша, алдыңғы жылдың аналогиялы кезеңімен салыстырғанда, 2021 жылдың 9 айында салықтық берешектерді кейінге қалдыру және мерзімін ұзартуды қолданғандардың саны 70%-ға, ал оңалту рәсімін қолданғандардың саны 2 есе ұлғайды. 2021 жылдың 9 айында 1 315 борышкер банкрот деп танылды. Сонымен бірге, банкроттардың өсу қарқындылығы 8%-дан аспайды (2019 және 2021 жылғы банкроттар санын ескергенде)", - деп хабарлады ведомствода.

 
Сонымен бірге, жылдың басымен салыстырғанда 2021 жылдың 1 қазанына сәйкес салықтық берешек 21,5%-ға ұлғайды - 350,9 млрд.теңгеден 426,5 млрд.теңгеге дейін, оның ішінде бересі (негізгі берешек) 217,1 млрд.теңгеден 272,2 млрд.теңгеге ұлғайды, яғни 25,4% құрайды. Оның ішінде 2021 жылдың 1 қазанына заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлер бойынша бересі 255,8 млрд.теңгені құрайды, жылдың басымен салыстырғанда бересі 55,9 млрд.теңгеге немесе 28%-ға ұлғайды.
 

Өкінішке орай, кредиторлар үшін (оның ішінде мекеменің жұмыскерлері, жеткізіп берушілер, банктер мен мемлекеттік кірістер органдары) берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алудың ақырғы шарасы есебінде төлемге қабілетсіз салық төлеушілерге қатысты банкроттық рәсмін қолдану болып табылады. Әрине, борышкердің банкроттығы оның өз қарыздарын толықтай өтеуге дәрменсіздігі мен мүмкін еместігінен пайда болатынын ескере отырып, бюджетке берешектерді қайтаруын күту және алынбай қалған пайданы есептеу мүмкін емес екендігі сөзсіз",- деді салық қызметкерлері.

 
Ведомство атап өткендей, өткен кезеңдерде бірінші кезек бойынша кредиторлық берешектерді өндіріп алу пайызы (еңбек ақы, алименттер және т.б.) 65-70%, екінші кезек бойынша (кепілденген кредиторлар) 11-12%, үшінші кезек бойынша (салықтық берешек) 0,2-0,8% құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны