31.10.2011, 14:48 6354

Мойнақ ГЭС құрылысын 2011 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған

Қазіргі уақытта Бестөбе су қоймасының құрылысы және салынып жатқан нысандарды электр энергиясымен жабдықтау жұмыстары толығымен атқарылған.

Талдықорған. 31-қазан. Kazakhstan Today - Мойнақ ГЭС құрылысын 2011 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, қазіргі уақытта Бестөбе су қоймасының құрылысы және салынып жатқан нысандарды электр энергиясымен жабдықтау жұмыстары толығымен атқарылған.

Осы жоба еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылуда. Мойнақ ГЭС құрылысы 2006 жылғы наурызда басталды. Құрылыс кезінде 1200 адам, оны пайдалану кезінде- 127 адам жұмысқа тартылды.

Жыл сайын Мойнақ ГЭС 1027 млн. кВтч э/энергия өндіретін болады деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Бестөбе су қоймасының құрылысы және салынып жатқан нысандарды электр энергиясымен жабдықтау жұмыстары толығымен атқарылды.

Бестөбе су қоймасын толтыру ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте басталд. Су қоймасының толық көлемі 238 млн. текше метр (пайдалы - 218 млн. текше метр), су тоғанының биіктігі 94 метр, су қоймасының ұзындығы - 16 км., ені 500-ден 1000 метрге дейін.

Сонымен қатар, ауылдың 80 үйін салу жұмыстары өндіріс жұмыстары кестесіне сәйкес жүргізілуде. Инженерлік инфрақұрылым нысандарының І кезең құрылыс

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны