31.05.2006, 13:35 7160

Мойнақ су электр станциясын салуға 250 млн. доллар инвестиция салынады – Қазақстан даму банкінің басшысы

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Мойнақ су электр станциясын салуға 250 млн. доллар инвестиция салынады. Бұл туралы бүгін даму институттарының Еуразиялық форумы аясында өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында Қазақстан даму банкінің төрағасы Асқар Сембин құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Қазақстан даму банкі жобаға қосуға тиіс өз үлесі – 25 млн. доллар қаржыны бөлуге шешім қабылдады”,- деп атап өткен А.Сембин қазір Қазақстан жағы Қытай даму банкімен жобаны қаржыландыруға 200 млн. доллар бөлу туралы кредиторлар арасындағы келісімге қол қоюға дайындалып жатқанын жеткізді. “Қалған 25 млн. долларды біз Еуропалық қайта құру және даму банкіне бөлуді ұсынуымыз мүмкін”,- деді А.Сембин.

Ол сондай-ақ таяу уақыттарда банктің еліміздегі инфрақұрылымды одан әрі дамытуға байланысты жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. “Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Илемдік банкпен бірлесіп Қазақстанның муниципалдық инфрақұрылымын электр қуаты, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге қатысты мәселелер топтамасы қарастырылуда. Бұл – дәл қазір елімізде шешілуге тиіс ең күрделі бағыт”,- деді банк төрағасы.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны