12.12.2011, 12:51 5205

Мойнақ су-электр стансасы іске қосылды

Экономиканың өсуі энергия ресурстарының импортына тәуелділікті төмендету мен жекеменшік электрэнергия өндірісін талап еткен кезеңде Мойнақ шын мәнінде ұлттық құрылысқа және Қазақстан тәуелсіздігінің жылдарында салынған энергетика саласындағы ірі нысанға айналды.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүкіл ТМД кеңістігі бойынша алғашқы жоғары қысымды су-электр стансасы болып табылатын Алматы облысы Шарын өзеніндегі Мойнақ су-электр стансасы іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Экономиканың өсуі энергия ресурстарының импортына тәуелділікті төмендету мен жекеменшік электрэнергия өндірісін талап еткен кезеңде Мойнақ шын мәнінде ұлттық құрылысқа және Қазақстан тәуелсіздігінің жылдарында салынған энергетика саласындағы ірі нысанға айналды.

Бүгінгі таңда туннель ұзындығы 9 шақырым, тас бөгетінің биіктігі 100 метрге жуықтады. Бестөбе су қоймасының көлемі 300 млн. текше метр су жинауға мүмкіндік береді. Екі қуатты су турбиналары 300 мегаватт электрэнергиясын шығара алады.

Жоғары технологиялық туннелді пайдалану есебінен қуатты су қысымы құрылады. Соның нәтижесінде су шығыны бар болғаны бір мегаватт қуаттылықта секундына төрт текше метр суды құрайды, бұл кез келген басқа су-электр стансаларымен салыстырғанда 15 есеге кем.

Мойнақ су-электр станциясының құрылыс жоспары әртүрлі жылдарға жалғасты. Ең алғашқы жоба 19 ғасырдың соңында дайындалды. Алайда жобаны тек Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде жүзеге асыру мүмкін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны