14.05.2012, 10:47 3587

Моноқалалардағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған

"Моноқалаларды дамыту бағдарламасының кешенді жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар дайын және өңірлерге жіберілген", - деді Б.Сағынтаев моноқалаларды дамытуға арналған Теміртау қаласындағы семинар-кеңесте. Сонымен қатар оларды оңтайландыру мүмкіндіктерін есепке ала отырып, қалалардың бас жоспарларына, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту жоспарларына түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Моноқалалардағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Моноқалалардың мәселелерін шешу үшін олардың болашағы мен болжамды халық санын анықтай отыра, ұзақ мерзімге арналған кешенді жоспарлар әзірленетін болады, деп мәлім етті ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев.

"Моноқалаларды дамыту бағдарламасының кешенді жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар дайын және өңірлерге жіберілген", - деді Б.Сағынтаев моноқалаларды дамытуға арналған Теміртау қаласындағы семинар-кеңесте. Сонымен қатар оларды оңтайландыру мүмкіндіктерін есепке ала отырып, қалалардың бас жоспарларына, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту жоспарларына түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Және де "Қазақмыс" компаниясының тәжірибесіне сүйене отырып, қала құраушы кәсіпорындарға қосымша және қызмет көрсететін кәсіпорындар құру көзделген. Бұлармен қатар, жекелеген моноқалалардың бұрынғы мамандануын қалпына келтіру үшін стратегиялық инвестор тарту жоспарланып отыр (мысалы, Қаратау қаласындағы "Еурохим" АҚ).

Министрдің айтуынша, шағын қалалардың монобағытын және артық еңбек ресурстарын ескере отырып, қала азаматтарын жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын құруға және "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасында жүзеге асырылып жатқан тетіктерге сәйкес қайта ашылған өндірістерге бағыттала отырып, жұмыс күштерін республикамыз бен ел облыстарының экономикалық дамуы жоғары нүктелеріне көшіруге ерекше назар бөлінеді.

Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау мәселесіне тоқталсақ, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу немесе жөндеуден өткізу, үйлерді, жекелеген қалаларда апатты жағдайда тұрған үйлерді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары атқарылады.

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліметінше, үш жыл мерзімге арналған бағдарламаның жүзеге асырылуына 2013 жылы - 38,2 млрд. теңге, 2014 жылы 43,2 млрд. теңге, 2015 жылы - 53,9 млрд. теңге бөлу көзделген.

Бағдарламаның 2015 жылға дейін жоспарланған бірінші кезеңі экономикалық әлеуеттері төмен моноқалалардың өнеркәсіптік өндірісінің көлемін 20 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді және моноқалалардағы жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғаятын болады.

2020 жылға дейінгі кезеңде моноқалалалардағы белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар саны 2011 жылмен салыстырғанда 4 есеге артып, табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі - 6 пайызға дейін, жұмыссыздық деңгейі - 5 пайызға дейін төмендетіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны