12.05.2016, 14:32 5103

Монополияға қарсы орган автокөлікті сақтандыру саласында бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банкке нұсқама шығарды

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (монополияға қарсы орган) сақтандыру қызметі саласындағы заӊнамалық актілерді мониторингілеу нәтижелері бойынша автокөлік құралдары иелерініӊ азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру қызметтері нарығында бәсекелестікті шектейтін нормаларды белгіледі

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (монополияға қарсы орган) сақтандыру қызметі саласындағы заӊнамалық актілерді мониторингілеу нәтижелері бойынша автокөлік құралдары иелерініӊ азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру қызметтері нарығында бәсекелестікті шектейтін нормаларды белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Осыған байланысты монополияға қарсы орган Ұлттық Банктіӊ атына бәсекелестікті қамтамасыз етуге, ЖКО кейін көлік құралына келтірілген зиянды бағалау нарығында бәсекелестікті шектейтін АҚЖМС туралы Заӊ нормаларына қажетті өзгерістерді енгізу бөлігіне бағытталған іс-қимылдарды жасау туралы нұсқама шығарылды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен, 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап "Көлік құралдары иелерініӊ азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" ҚР Заӊына (АҚЖМС туралы Заӊ) өзгерістер күшіне енді, оған сәйкес жол-көлік оқиғасы (ЖКО) жағдайында келтірілген залалды бағалау жөніндегі функциялар сақтандыру компанияларына берілді.

Көрсетілген өзгерістер енгізілгенге дейін ЖКО кейінгі көлік құралдарыныӊ залалын бағалауды бағалаушылар - тәуелсіз сарапшылар, жеке және заӊды тұлғалар жүргізді.

АҚЖМС туралы Заӊға өзгерістер енгізгеннен кейін көлік құралына келтірілген залалды бағалауды Ұлттық Банк Басқармасыныӊ 2016 жылғы 28 қаӊтардағы қаулысымен қабылданған нормативтік құқықтық актісініӊ негізінде тікелей сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады (көлік құралына келтірілген залал мөлшерін анықтау қағидасы).

АҚЖМС туралы Заӊныӊ қолданыстағы нормалары көлік құралдарыныӊ автоиелерініӊ сақтандыру ұйымыныӊ бағалау мөлшерімен келіспеген жағдайда ғана бағалаушы ұйымдар - заӊды тұлғалардыӊ өтініш беруін көздейтіндігін атап өткен жөн. Бағалаушы-жеке тұлғалардыӊ қызметі қолданыстағы заӊнамамен жойылды.

Осылайша, ЖКО кейін көлік құралдарына келтірілген зиянды бағалау нарығына қол жетімділіктіӊ анықталған шектеуі және бағалаушы-жеке тұлғаларға қызметті жүзеге асыру мүмкінсіздігі бәсекелестікті дамытуға шаралар қабылдау қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін негіз болды.

Ұлттық Банктіӊ ресми ресурсында орналастырылған мәліметтер бойынша ЖКО кейін көлік құралына келтірілген зиянды бағалау бойынша аккредиттеуді 319 тәуелсіз сарапшы алды (олардыӊ ішінде 212 - заӊды тұлға, 107- жеке тұлға).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны