03.05.2016, 16:06 4124

Мүлікті жария ету бойынша науқан барысы Үкімет отырысында қаралды

Оныӊ мәліметінше, қазіргі сәтте мәлімделген мүлік сомасы еліміз бойынша 1,4 трлн. теӊгеге жетті, оныӊ 1,2 трлн. теӊгеге жуығы жария етілді.

Астана. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстанныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметініӊ селекторлық режімдегі кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мүлікті жария ету бойынша науқан өткізу барысы туралы ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ мәліметінше, қазіргі сәтте мәлімделген мүлік сомасы еліміз бойынша 1,4 трлн. теӊгеге жетті, оныӊ 1,2 трлн. теӊгеге жуығы жария етілді.

Заӊныӊ жаӊа шарттарындағы жұмыстыӊ бес айында, яғни 2015 жылдыӊ 1 желтоқсанынан кейін 794 млрд. теӊге жария етілді, бұл науқанныӊ барлық кезеӊіндегі жалпы соманыӊ үштен екі бөлігін құрайды, деп атап өтті Б.Сұлтанов.

"Түзетулер жария ету барысына жақсы серпін бергені көрініп тұр. Кезеӊ бойы науқанныӊ мүмкіндіктерін 86 мыӊға жуық азамат пайдаланды. Өтініштер саныныӊ артуы халық тарапынан қызығушылықтыӊ артқанын білдіреді", - деп баса айтты Қаржы министрлігініӊ басшысы.

ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Данияр Ақышев науқанныӊ әрекет ету кезеӊінде банктер 910 шот ашып, оларға 590,3 млрд. теӊге салынғанын айтты.

"Оған қоса, арнайы шоттардағы барлық ақшаныӊ 83% ағымдағы жылдыӊ төрт айында жария етілді. Осындай шоттарға ай сайынғы ақша ағымы а.ж. орта есепен алғанда 148 млрд. теӊгені құрады, бұл заӊнамаға енгізілген өзгерістердіӊ дұрыстығын тағы да растайды", - деді науқанға 30 банк пен "Қазпошта" АҚ қатысатынын еске салып өткен Д.Ақышев.

Орман және дала өрттерініӊ алдын алу мәселелері бойынша ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады.

Министрдіӊ мәліметінше, жыл сайын елімізде 4000-ға дейін орман-дала өрттері орын алады, олар 180 мыӊ га жуық ауданды қамтиды, залал 230 млн. теӊгеден асады.

"Ағымдағы жылдыӊ басынан бастап орман қоры аумағында жалпы ауданы 285 га болатын 16 өрт тіркелді, залал сомасы 1,7 млн. теӊгені құрайды. Дала алаптарында 2 180 га ауданда 410 өрт тіркелді. Құрбандар мен залалдар жоқ", - деп мәлімдеді ІІМ басшысы.

"Ағымдағы жылы Қазгидрометтіӊ мәліметінше, шілде-тамызда ауаныӊ орташа температурасы +30 градусқа дейін деӊгейде болжанып отыр. Оған қоса, батыс және оӊтүстік облыстарда жауын-шашын тапшылығы күтілуде, сондықтан елдіӊ бірқатар өӊірлерінде дала-орман өрттерініӊ шығу қаупі бар", - деп мәлімдеді Қ.Қасымов.

Осыған байланысты ІІМ өрт қаупі бар маусымда орман және дала өрттерініӊ алдын алу және жою бойынша арнайы жоспар жасады. Қазіргі уақытта еліміз бойынша орман-дала өрттерін жою үшін республикалық құралдар күшін топтастыру - 4779 автокөлік бірлігі, суағар құрылғылары бар 11 тікұшақ, 47 өрт пойызы және 34 мыӊнан астам адам анықталды. Шекара маӊындағы аумақтарда өзара іс-қимылды пысықтау үшін Ресей және көрші елдердіӊ ТЖМ бөлімшелерімен тактикалық оқулар өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, ведомство басшысы бірінші кезектегі шешімді талап ететін бірқатар мәселелерге облыс әкімдерініӊ назарын аударды. Атап айтқанда, өрттерді жоюға, су қоймаларын, өртке қарсы бөгеттерді, өртке қарсы мақсаттағы жолдарды салуға шығындардыӊ көздері барлық өӊірлерде жоспарланбаған.

Бұдан өзге, Қ.Қасымов табиғатты қорғау мекемелері мен жергілікті атқарушы органдардыӊ өрт сөндіру техникасымен және басқа да құралдарымен жабдықталуыныӊ төмен деӊгейін, сондай-ақ ауылдардағы өрт бекеттері мен өртке қарсы еркін қалыптасулардыӊ әлсіз тиімділігін атап өтті.

Қ.Қасымов 90% жағдайда ормандар адамдардыӊ кесірінен жанатынын еске салып, халық арасында профилактикалық іс-шараларды күшейтуге, азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелері туралы белсенді ақпараттандыруға шақырды.

Отырыс қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны