09.03.2011, 12:48 4734

Мұнай бағасы 2 долларға арзандады

Мұнай бағасы 2 долларға арзандады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 9 - наурыз. Kazakhstan Today - Мұнай бағасы 2 долларға арзандады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 8 наурыздағы сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,98 долларға арзандап, 113,06 доллар/баррельді құраған.

Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының бағасы 0,42 долларға төмендеп, 105,02 доллар/баррельді шамалады.

Ливиядағы азаматтық соғыстың салдарынан әлемдік нарықта орын алып отырған шикізат жетіспеушілігінің орнын толтыру және "қара алтынның" аспандап бара жатқан бағасын ауыздықтау үшін ОПЕК-тің өндірісті артыру мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпараттан кейін мұнай бағасы арзандап отыр.

МАГАТЭ-нің дерегі бойынша Ливиядағы азаматтық соғыстың салдарынан әлем елдері күнделікті 850 мың баррельден 1 миллион баррельге дейін мұнайды кем алып отырған көрінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны