29.02.2012, 09:50 4101

Мұнай бағасы 2 долларға арзандады

NYMEX-те техастық Light Sweet-тің баррелі 2 доллар 1 центке төмендеп, 106 доллар 55 цент межесіне жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі РБК сілтеме жасай отырып.

Астана. 29-ақпан. Kazakhstan Today - Мұнайдың әлемдік бағалары АҚШ-тан келген жағымсыз экономикалық статистикаға байланысты күрт төмендеп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

NYMEX-те техастық Light Sweet-тің баррелі 2 доллар 1 центке төмендеп, 106 доллар 55 цент межесіне жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі РБК сілтеме жасай отырып.

Ресейлік Urals-тың құны белгіленетін солтүстіктеңіздік Brent-тің құны Лондонда 121 доллар 55 цент көрсеткішіне дейін 2 доллар 62 центке төмендеді.

Мұндай құлдыраудың себебі АҚШ-тан жеткен хабарлама болды. Сауда министрлігінің мәліметіне сәйкес, АҚШ-та ұзақ пайдаланылатын тауарларға тапсырыс көлемі 2012 жылдың қаңтарында оның алдындағы аймен салыстырғанда 4 пайызға, бензинге 5,5 пайызға төмен болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны