17.03.2011, 12:32 4413

Мұнай бағасы көтерілді

Мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz. ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 17 - наурыз. Kazakhstan Today - Мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz. ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Brent мұнайының ресми бағасы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электрондық тауарлық биржасында 2011 жылдың 16 наурызында 2,10 долларға артып, барреліне 110,62 долларды құраған.

WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел тауарлық биржасында 0,80 долларына көтеріліп, барреліне 97,98 долларды құрады.

Мұнайлық фьючерстерге бағаның өсуі негізінен Жапония қор нарығындағы ахуал әсер етті. Мәселен, елдегі акциялардың жетекші индексі Nikkei сәрсенбі күні 5,68% өсіп, мұнай нарығындағы ахуалды реттеуге септігін тигізді.

Сонымен қатар, нарыққа Африкадағы, соның ішінде Ливиядағы төңкеріс әлі де өз әсерін тигізіп жатыр. Жуырда, ливиялық көтерілісшілердің әскери ұшақтары Тобрук әуе базасынан Адждабияның шығысындағы Муаммар Каддафи әскерінің шебіне соққылар жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны