03.07.2008, 17:37 2460

Мұнай бағасы сәрсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша жаңа рекордтарға жетті

Мұнай бағасы сәрсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша жаңа рекордтарға жетті

Мәскеу. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі сорттарының бағасы сәрсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша рекордтық өсім көрсетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ОМТ-Консалт" компаниялар тобының мұнай нарығына жасаған шолуларына сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, топ мәліметтеріне сүйенсек, Солтүстік теңіздің Brent мұнайына жасалған тамыз айының келісімшарты Лондонның Inter Continental Exchangе биржасында $3,59 қымбаттап, 1 баррелі $144,26 тең болды. Сол секілді Техасстың WTI маркалы жеңіл мұнайына жасалған фьючерстік келісімшарт Нью-Йорктың NYMEX тауар биржасында $2,60 жоғарылап, барреліне $143,57 дейін көтерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны