02.02.2012, 11:00 3481

Мұнай өнімдерінің экспортына салынған шектеу ағымдағы жылдың аяғына дейін ұзартылды

"Енді, бұл шектеу 2012 жылға толығымен енгізіліп отыр", - деп мәлім етті С.Мыңбаев.

Астана. 2-ақпан. Kazakhstan Today - Мұнай өнімдерінің экспортына салынған шектеу ағымдағы жылдың аяғына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы жанармай саласындағы тапшылық мәселесіне байланысты премьер-министр Кәрім Мәсімовтің өкімімен Қазақстанның мұнай өнімдерінің экспортына шектеу қойылған болатын. Алғашқыда бұл шара уақытша болады деп жоспарланған болатыні.

"Енді, бұл шектеу 2012 жылға толығымен енгізіліп отыр", - деп мәлім етті С.Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны