04.03.2013, 18:30 3718

Мұнай шығару көлемінің болжанған өсуі есебімен күтілетін ҚР ЖІӨ өсуі 2013 жылы 6%-ды құрайды деп болжанған

Осылайша, Қашаған кен орнын әзірлеуді бастаумен байланысты мұнай өндірісінің көлемі, болжам бойынша, 2013 жылы 82,0 млн. тоннадан 2017 жылы 102,0 млн. тоннаға артады.

Астана. 4-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда мұнай шығару көлемінің болжанған өсуі есебімен күтілетін ЖІӨ өсуі 2013 жылы 6%-ды құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

"Алдын ала деректер бойынша 2013 жылғы қаңтардағы ЖІӨ өсу қарқыны 4%-ды құрады, ол жоспарланған жылдық деңгейден 2 пайыздық тармаққа төмен. Сонымен қатар, біздің бағалауымызша, 2013 жылы экономиканың өсуі әлдеқайда тұрақты болуы тиіс. Кейбір салалардағы төмен базаны және мұнай өндірісі көлемінің күтілетін өсуін ескере отырып, біз ағымдағы жылы ЖІӨ өсуін жоспарланған 6% деңгейде күтеміз ",- деді Е.Досаев еліміздің Парламентінде дағдарысқа қарсы әрекет ету шаралары туралы жасаған баяндамасында.

Осылайша, Қашаған кен орнын әзірлеуді бастаумен байланысты мұнай өндірісінің көлемі, болжам бойынша, 2013 жылы 82,0 млн. тоннадан 2017 жылы 102,0 млн. тоннаға артады.

Сонымен қатар, ол өсудің төмен қарқындарының негізгі себебі өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 0,8%-ға қысқаруы болып табылатынын айтып өтті.

Оған қоса, қара металлургия өніміне әлемдік сұраныстың қысқаруы ағымдағы жылғы қаңтарда сала ФКИ-інің 30,3%-ға қысқаруына алып келді, тиісінше темір рудасының өндірісі 13%-ға қысқарды.

Сонымен бірге, құрылыс нақты көлем индиксі 93,1% және ауыл шаруашылық нақты көлем индиксі 98,6% нысаналы деңгейден әлдеқайда төмен болып қалыптасты. Бұл ретте аталған салалардың қысқаруы маусымдық фактормен түсіндіріледі.

Өз алдына орта мерзімді болжамдарға қатысты, Экономика министрлігінің басшысы 2013-2017 жылдары экономиканың нақты өсуі жылына 6-7,6% мөлшерінде болжамдалатынын, ол жан басына шаққанда ЖІӨ өсуін 2018 жылға қарай 20 мыңнан астам АҚШ доллары көлемінде жоспарлайтынын атап өтті.

"ЖІӨ өсуінің негізгі көзі ішкі сұраныстың кеңеюі болады, ол жылына орта есеппен 6,5% - 6,8% қарқынмен өседі, Қазақстан өніміне сыртқы сұраныстың сақталуы, сондай-ақ инвестициялардың өсуі жатады. Соған қарамастан өңдеу өнеркәсібінің озық осуі жоспарлануда. Бес жылда өңдеу өнеркәсібі 41%-ға, таукен өндіру өнеркәсібі 25%-ға артады",- деді Ерболат Досаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны