02.08.2006, 17:57 3183

Мұнай трейдерлері еліміздегі үш ірі мұнай компаниясын жанар-жағармай бағасын қасақана келісіп көтерді деп айыптауда

Мұнай трейдерлері еліміздегі үш ірі мұнай компаниясын жанар-жағармай бағасын қасақана келісіп көтерді деп айыптауда

АЛМАТЫ. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында мұнай трейдерлері еліміздегі үш ірі мұнай компаниясы мен мұнай өңдеушілерді жанар-жағармай бағасын ым-жымдарын біріктіре отырып, қасақана көтерді деп айыптауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Нар-ойл" мұнай қаржылық-өнеркәсіптік тобының директорлары кеңесінің төрағасы Сұлтан Үшбаевтың айтуынша, еліміздегі жанар-жағармай нарығында қалыптасқан ахуал 21-шілдеде еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрлігінде өткен кеңесте талқыланған. "Дұрысын айтсақ бұл үкімет тарапынан еліміздегі ірі мұнай компанияларының мүддесіне лобби жасауға бағытталған кездесу болды",- деді ол.

С.Үшбаевтың айтуынша, еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай компанияларымен бірлесіп мұнай экспортына салынатын баж салығын алып тастауды ұсынуда. Қазір ол бір тоннасына 64 долларды құрайды. Соның ішінде АИ-80 маркалы жанармайдың бағасын ғана тұрақты сақтай отырып, жанар-жағармай нарығын мемлекет тарапынан реттеуді алып тастау ұсынылып отыр. "Маңғыстаумұнайгаздың" пікірінше, осы жанармайды мемлекеттің қолдауына зәру қаржылық мүмкіндігі тапшы тұтынушылар пайдаланады", деді С.Үшбаев. Оның ақпаратына сенсек, жанармайдың қалған түрлеріне (дизельдік, АИ-91, -92, -93, -96, -98) бағаны еркіндікке жіберіп, әлемдік бағаға бағыт алатын нарықтық үрдіске көшу көзделуде.

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың пікірінше, мұндай өзгерістер иелігінде мұнай өңдеу зауыттары бар "ҚазМұнайГаз" ҰК, "PetroKazakhstan" АҚ мен "МанғыстауМұнайГаз" секілді ірі мұнай компанияларына ғана тиімді. "Ұсыныс қолдау тапқан жағдайда мұнай монополистері мұнай өнімдерін шетелге кедергісіз шығару мүмкіндігіне ие болып қана қоймай, ел ішінде де ойына келген бағаны белгілеу құқығына ие болмақ. Соның салдарынан Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы туындамақ",- деп мәлімдеді баспасөз мәслихатына қатысушылар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны