13.02.2014, 19:17 4712

Мұнай және газ министрлігі 2014 жылдың бірінші маусымына дейін мұнай бағасын ұстап тұрады - Ұ.Қарабалин

Мұнай және газ министрлігі 2014 жылдың бірінші маусымында мұнай бағасын ұстап тұрады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Мұнай және газ министрлігі 2014 жылдың бірінші маусымында мұнай бағасын ұстап тұрады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

"2013 жылы республикадағы мұнай өңдеу көлемі 14,3 млн тоннаға жетті. Қазақстандағы жанармай тепе-теңдігі бойынша 2,7 млн тонна өндірілді. Ішкі тұтыну көлемі шамамен 4 млн тоннаны құраса, 3 млн тоннадайы импортталған. Жыл басына дейін мұнай базаларындағы қалдық шамамен 370 мың тонна болды. Дизель отыны бойынша 4,2 млн тонна өндірілсе, 700 мың тоннасы импортталды", - деді министр.

Оның айтуынша, осындай жағдай келер жылға да жоспарланған.

"Мұнай бағасына келер болсақ, бірінші маусымда біз бағаны ұстап тұратын боламыз. Біздің зауыттарымыз толыққұқылы жұмыс істеп, нарыққа толыққанды ене алады. Аталмыш өнімдердің Қазақстаннан шетке тасымалының кез келген түріне тыйым салынған. Сол себепті барлық өнім тек қана өзімізде пайдаланылатын болады", - дейді ведомство басшысы.

"Автожанармай өнімі 2 млн 885-ді құрайды, ал тұтыну деңгейі 4 млн 168, яғни өнім көлемі тұтыну сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Біз жыл сайын дәстүрлі түрде шамамен 1 млн импорттаймыз, биыл бұл көрсеткішті 1 млн 69 мың етпекшіміз", - деп нақтылады.

Министрдің айтуынша, бұл жағдай дизель отынына да қатысты.

"4 млн 946 тұтыну көрсеткішінде республикадағы өндіріс 4 млн 194 болады. Сол себепті юіз 600-650 мың тоннаны шеттен сатып аламыз. Негізінен экспорттаушы ел Ресей болып табылады", - дейді Қарабалин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны