16.01.2014, 19:10 4113

Мұнай және газ министрлігі Қазақстанның 8 мұнай блогында геологиялық бақылау бойынша конкурс жариялайды

Ағымдағы жылы ҚР Мұнай және газ министрлігі Қазақстанның 8 мұнай блогында геологиялық бақылау бойынша конкурс жариялайды. Бұл туралы KAZENERGY Кеңесі қауымдастығының 15 отырысында Ұзақбай Карабалин хабарлады.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы ҚР Мұнай және газ министрлігі Қазақстанның 8 мұнай блогында геологиялық бақылау бойынша конкурс жариялайды. Бұл туралы KAZENERGY Кеңесі қауымдастығының 15 отырысында Ұзақбай Карабалин хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде көптеген компаниялар аймақтық деңгейде ғана емес мұнайды іздеу үрдісіне қатысуға ниетті.

"Көптеген компаниялар аймақтық жұмыстарға қатысуға ниет білдіріп қана қоймай, жергілікті жерлерде мұнай іздеу үрдісіне де қатысуға ниетті. Өткен жылы геологиялық бақылау бойынша 3 блогка конкурс жариялаған болатынбыз. Ағымдағы жылы 8-9 блогқа жариялап отырмыз", - деді Ұ. Карабалин.

Сондай-ақ, оның айтуынша, геологиялық жұмыстар Қазақстандағы геологиялық жұмыстарды одан әрі дамытуға бағытталады.

"Бүгінде Қазақстандағы бар ресурстар елді жақын арадағы 40-50 жылда қамтуға жетеді", - деді МГМ басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны