21.06.2010, 11:09 2178

Мұнай және газ министрлігі ТШО келісім шарт талаптарын сақтамағандығына байланысты шағым түсірді

"Қазақстанның Мұнай және газ министрлігі ТШО мұнай шығаруға қатысты келісім шарт талаптарын сақтамағандығына байланысты шағым түсіріп, материалды прокуратураға жіберді", - деп хабарлады С. Мыңбаев Agip KCO, North Caspian Operating Company және "Теңізшевройл" компанияларының экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және келісім шарт талаптарын сақтау жөніндегі мәселелерге қатысты өткен жиналыс барысында.

Атырау. 21-маусым. Kazakhstan Today ҚР Мұнай және газ министрлігі "ТеңгізШевройл" ААҚ (ТШО) келісім шарт талаптарын сақтамағандығына байланысты шағым түсірді. Бұл туралы ҚР Мұнай және газ министрі С. Мыңбаев Атырауға барған іссапары барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Қазақстанның Мұнай және газ министрлігі ТШО мұнай шығаруға қатысты келісім шарт талаптарын сақтамағандығына байланысты шағым түсіріп, материалды прокуратураға жіберді", - деп хабарлады С. Мыңбаев Agip KCO, North Caspian Operating Company және "Теңізшевройл" компанияларының экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және келісім шарт талаптарын сақтау жөніндегі мәселелерге қатысты өткен жиналыс барысында.

"Қазіргі уақытта ТШО тиісті емес тереңдікте мұнай шығарып, заңды өрескел бұзып отыр",- деп атап өтті С. Мыңбаев.

Ол, "мәселе өз шешімін тапқанша министрлік ТШО ешқандай жобаларын қарастырмайтындығын" айтып өтті.

"Теңізшевройл" ЖШС серіктестік Қазақстан Республикасы мен "Шеврон" компаниясы арасындағы келісім негізінде 1993 жылдың сәуір айында құрылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны