11.05.2011, 15:32 4452

Мұнай және газ вице-министрі тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бұған дейін "КазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарған Берік Толымбаевты Мұнай және газ вице-министрі етіп тағайындаған.

Астана. 11 - мамыр. Kazakhstan Today - Мұнай және газ вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бұған дейін "КазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарған Берік Толымбаевты Мұнай және газ вице-министрі етіп тағайындаған.

Бұл туралы Премьер-министр Кәрім Мәсімов Twitter-дегі жеке парақшасында хабарлады.

"Берік Толымбаевты мұнай және газ вице-министрі етіп тағайындадым", - деп жазды ол бүгін Twitter бетіне.

Берік Зиябекұлы Толымбаев 1962 жылдың 8 тамызында туған.

С.Киров атындағы ҚазМУ-ды, "Қайнар" университетін бітірген. Журналист, заңгер. Орыс, түрік, ағылшын тілдерін меңгерген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Қазақстан Ғылым академиясының "Ғылым" баспасының кіші редакторлығынан бастаған.

1999 жылдан бері мұнайгаз саласында жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны