27.01.2011, 15:10 13767

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы күрт өсті

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы күрт өсті

Алматы. 27 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы күрт өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі, 26 қаңтар күні әлемдік нарықтарда мұнай бағасы қымбаттады.

Бұған сарапшылардың айтуынша, компанияларға салық салу жүйесін оңтайландыруды және жаңа жұмыс орындарын құруды ұсынған АҚШ Президенті Барак Обаманың Конгреске арнаған жолдауы әсерін тигізді, деп хабарлайды "РИА "Новости" агенттігі.

Сауда қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы 2,66 долларға қымбаттап, 97,91 доллар/баррельге жетсе, Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы 1,14 долларға көтеріліп, 87,33 доллар/баррельге жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны