01.02.2011, 16:18 4003

Мұнайдың бағасы 100 АҚШ долларына жетті

Екі жылда алғаш рет мұнай бағасының баррелі 100 АҚШ долларға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 1 - ақпан. Kazakhstan Today - Екі жылда алғаш рет мұнай бағасының баррелі 100 АҚШ долларға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылдың 31 қаңтарындағы сауда қорытындысымен Лондондағы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,59 долларға көтеріліп, баррелі 101,01 долларға жеткен.

Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX) тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 2,85 долларға өсіп, баррелі 92,19 долларды құрады.

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл Египеттегі тәртіпсіздіктерге байланысты болып отыр. Инвесторлар халық толқуы Таяу Шығыстың мұнай өндіретін елдеріне таралуынан үрейленуде. Лондон биржасында наурыз фьючерстеріне солтүстіктеңіздік Brent мұнай қоспасының бағасы 101,1 долларға жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны