21.01.2011, 13:26 4207

Мұнайдың бағасы 2 АҚШ долларына арзандады

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы 2 АҚШ долларына арзандады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" РАА сілтеме жасай отырып.

Алматы. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы 2 АҚШ долларына арзандады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" РАА сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Энергетика министрлігінің өткен аптада елдегі шикізат қорының өскені туралы мәлімдемесінен кейін және Қытай Халық Республикасының ақша саясатын қатайту ықтималдығы туралы әңгімелерге байланысты, бейсенбі күні әлемдік нарықтарда мұнайдың бағасы біршама төмендеген.

Атап айтқанда, Лондон биржасында сауда қорытындысы бойынша, Brent Crude Oil маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы 1,58 доллардан арзандап, 96,58 доллар/баррелді құраса, Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың наурыз айына жасалған фьючерстерінің бағасы 2 долларға төмендеп, 898,86 доллар/баррелді құраған.

Сарапшылардың мәлім етуінше, өткен аптада АҚШ-тың мұнай қоры 2,6 миллион баррельге өскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны