15.01.2009, 19:12 3167

Мұнайдың бағасы бұдан әрі төмендемейді - сарапшы

Мұнайдың бағасы бұдан әрі төмендемейді - сарапшы

Алматы. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың бағасы бұдан әрі төмендемейді. Мұндай пікірді ҚР Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті, "Нефть и газ" журналының бас редакторы, ҚР ҰҒА академигі, құрметті мұнайшы Надир Надиров Қазақстан Бүгін тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Мұнайдың бағасы бұдан әрі төмендемейді деп ойлаймын. Өйткені, әлемдегі ілгерілеушілік атаулының қайнар көзі - "қара алтын". Дамуға ниеті бар ел мұнайды пайдаланбай, оны жүзеге асыра алмайды", - деді Н. Надиров.

"Егер мұнайдың бағасы бұдан әрі төмендей берсе, онда біз АҚШ-тың жолымен кейбір кеніштерді игеруді жағдай жақсарғанға дейін тоқтата тұру тәсілін пайдалана аламыз", - деді ол.

Ғалымның мәліметінше, Қазақстан аумағының 62%-ынан мұнай мен газ шығады. "Менің пікірімше, Қазақстан кем дегенде 150 - 200 жылға мұнаймен қамтамасыз етілген. Тіпті "қара алтын" таусылып қалды дегеннің өзінде біз қазір нарықтық маңызға ие мұнайдың биоқалдықтарын пайдалана аламыз", - деп мәлімдеді ғалым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны